Депутат Дәулет Мұқаев курс сатып байыды деп айыптаған халыққа жауап берді
Белгілі депутат, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев өзіне «курс сатып байыды, болашақ аналарды заңсыз декретке» шығарды дегендерге жауап берді.
«2023 жылға дейін «Декретке миллионмен» сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кей адамнан ғайбат естудемін. Олар 100% менің сабағыма қатыспағандар!!! Сондықтан мені босқа қаралап, өзіңізге күнә арқаламаңыздар!
Мен егов. кз сайтындығы мәліметті қарапайым тілде түсіндірген адаммын. Сенбесеңіздер міне сілтеме қойдым. Тіпті, бұл сайтта миллион 1 емес, заңды табысқа сай 2,5 миллион до родовой алатын формуланы көрсеткен. Ал менің сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмін.
2 сағаттық видео сабағымда 1 емес, 7 рет өтірік ИП ашпаңыздар деп ескерткенмін», — деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін халық оған «курс сатып байыған» деген сынды сыни айтқан болатын.
Instagram/Дәулет Мұқаев