Сұхбат соңында қала басшысы өз кабинетін таныстырып, ас үй мен жуынуға арналған бөлмесін көрсетті. Осы кезде журналист әкімнен ыдысты кімнің жуатынын сұрады.
«Жоқ, хатшы жуады. Неге мен жууым керек? Мен үйде де ыдыс жумаймын. Сіз жусаңыз, жуа беріңіз. Ал мен жумаймын», – деді Әмірхан Асанов.
Қазнет қолданушылары әкімнің бұл сөздерін сынға алып, ыдыс жуған видеоларын жариялады. Ал жазба астына «Үйде өзімнің хатшы екенімді білдім» деп жазған.
Сонымен қатар видео астына түрлі пікір қалдырды.
«Жуу, жуумау бір бөлек. Ал жымқыру мүлде бөлек!», «Жумайсын ба?», «Ыдыс жуу – патшаның ісі емес», «Әкім болса өзіне әкім», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
https://stan.kz/men-idis-zhugish-emes-akimmin-aleumettik-zhelide-arkali-372697/