«Мен өшірмедім»: Бағлан Әбдірайымов Тұңғышбай Жаманқұловқа қолдау білдіргенін айтты

Өнер иесі аңыз актерді қолдап шыққаны үшін бірқатар адамнан сөз естігенін мәлім етті.

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Тұңғышбай Жаманқұловтың басына қиын жағдай түскен кезді еске алды.

Оның сөзінше, Жаманқұлов туралы жазба жариялаған соң оған біраз адам хабарласып, жазбаны алып тастауын айтқан.

«Тұңғышбай ағамыздың басында қиындық болған кезде шәкірттері, әріптестері, жалпы танымал адамдар ешқандай қолдау білдірген жоқ. Мен үйде жатып, Мұхтар Шахановтың бір өлеңін оқып қалдым. Бір қатарын алып, Instagram-дағы парақшама жүктеп қойдым. Астына «Түйені түгімен жұтып жатқан кісілер бар. Біз үшін хан бейнесінде қалыптасып қалған осындай тұлғаларымыз басына іс түсіп жатқан кезде қолдау бермей жатырмыз» деп жаздым. Қаражат жымқырды ма, жоқ па?! Оған менің қатысым жоқ. Бірақ егер қаржылай қолдау керек болса, осындай тұлғаларымыздың сөзін сөйлеп, ел-жұрт болып жинап берейік деп айттым. Бұл жазбамнан кейін бірнеше қоңыраулар түсті. Бәрі жазбамды өшіріп тастауды ұсынды. Бірақ мен өшірмедім», – деді әнші.

фото: коллаж: Тurkystan.kz

https://turkystan.kz/article/252632-men-oshirmedim-baglan-bdiraiymov-tun-gyshbai-zhamanku-lovka-koldau-bildirgenin-aitty

Comments (0)
Add Comment