Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында Ерлан Дайрабайұлы Мемлекеттік Рәміздердің ұлттық құндылығымыз екендігін айтты: — Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын айқындайтын басты нышандарының бірі.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Рәміздерді заңға сәйкес пайдалану және оларға құрметпен қарау – біздің ел алдындағы жауапкершілігіміз. Сол себепті, біз жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында рәміздердің мәні мен маңызын кеңінен насихаттауымыз қажет, — деді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша “Жыл басынан бері Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдануына жүргізілген жұмыстары туралы” аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Яссауий Құрманбекұлы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудандағы мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындары мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес орналастыруды қамтамасыз ету туралы тиісті тапсырмалар берілді.