Мемлекеттік қызметшілердің әдебі!

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығы және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қатаң талаптар қойылаған.
Мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы, оның түр-сипаты болып табылады. Осыған орай мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Әрқашан да қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметін кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білулері тиіс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек.
Өз кезегінде мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.
Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларға жол бермеуге тиіс.

Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Артықбаев

Comments (0)
Add Comment