МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «ДӘСТҮРДЕН ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 18 маусымы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облыстық Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің ұйымдастыруымен «Дәстүрден тағылым» атты байқау өтті.
Аталған байқау мемлекеттік қызметшілер арасында өткізлді. Байқау мемлекеттік қызметшілердің мәдени-тарихи құндылықтарды кеңінен түсінуі арқылы ұлттық бірегейлікті айқындайтын адамгершілік бағдарларды дәріптеуге және қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілерді салт-дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық, мәртебелі міндет екенін жеткізу.
Байқауға Сарысу ауданыннан мемлекеттік қызметшілер қатысып қайтты. 5 адамнан тұратын сарысулық команданың құрамында Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық бөлімшесінің басшысы Жеңіс Құдайбергенов, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ботакөз Мақашева, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы Ғалия Атанчаева, Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Заңғар Сейдалиев және Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рүстем Шукеев болды.
«Мамандығым – мақтанышым», «Ширату- интеллектуалды ой-өрістік турнир», «Көкпар-мақал – мәтел жарысы», «Ел үмітін ақтаймыз, салт-дәстүрін сақтаймыз» атты айналымдардан тұратын байқауда белсенді өнер көрсеткен сарысулықтар арнайы дипломмен марапатталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment