Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандарымен мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге онлайн форматта семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты болып мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ талдау нәтижелерімен мемлекеттік органдардың қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді алдағы уақытты болдырмау үшін заңнама нормаларын түсіндіру табылады.
Семинар-тренинг барысында мемлекетік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша сұрақтар талқыланды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын жан-жақты және сапалы орындау қажеттілігі түсіндірілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті