Еліміздегі басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызмет халықтың талабына сай, елдің қажетінен шыға білетін қызмет болуы керек.
Қазіргі таңда халықтың мемле¬кет¬тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ауданымызда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы ауданымызға келді.
Жұмысшы топ құрамына мемлекеттік қызмет көрсететін әр түрлі сала өкілдері енгізілген.
Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аталған жұмыс тобының қатысуымен жиын өтті.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов кіріспе сөзбен ашты.
Жиынға ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, қоғамдық кеңес пен алқабилер кеңесінің төрағалары, өзге ұлт өкілдері және өңдіріс саласының ардагерлері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ілебаев Лесбек Құралбайұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау, әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетудің басым бағыттарына тоқталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының Сарысу ауданындағы көшпелі іс-шаралары туралы айтып өтті.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, жиын барысында ұсыныстар айтылды.
Айта кету керек, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жұмыс тобы аудан тұрғындарымен, мемлекеттік қызметшілермен, аудан кәсіпкерлерімен, білім беру саласының қызметкерлерімен кездесіп, жеке қабылдаулар өткізіп, халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарында және кірістер басқармасында қоғамдық бақылау және қоғамдық қабылдау өткізеді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі