Мемлекеттік құрылымдардың мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылмақ

Бүгін Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мемлекеттік құрылымдардың мүшелерін тағайындауға қатысты пікір айтты.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны және Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктер Мәжіліс, Сенат және Президент арасында біркелкі бөлінген.

— Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшесін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылуы жөнінде ұсынылды. Сондай-ақ, еліміздің жоғары өкілді органының депутаттарына Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы соттың барлық судьясын сайлау өкілеттіктерін беру ұсынылды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, бұл бастамалар қазақстандық парламентаризмді дамытуда үлкен қадам болмақ.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment