Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне айыппұл салынды

Жалағаш ауданының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен заңсыз тақырыптық тексеру жүргізу фактісін анықтады.

 istockphoto.com

Қызылорда облысында кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізгені үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне айыппұл салынды.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен заңсыз тақырыптық тексеру жүргізу фактісін анықтады.

Басқарманың қызметкерлері тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілмеген мекенжайда орналасқан азық-түлік дүкенінде тақырыптық тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысымен кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Өз кезегінде басқарма қызметкерлері тексеру тағайындау актісіз тексеру шарасын жүргізіп, кәсіпкердің құқықтарын бұзған, — делінген хабарламада.

Прокуратураның ақпаратынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде тексеру актісі жарамсыз деп танылды және Басқарманың бөлім басшысы мен маманы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

https://turkystan.kz/article/248356-memlekettik-kirister-baskarmasynyn-kyzmetkerlerine-aiyppul-salyndy

Comments (0)
Add Comment