istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/269125-memlekettik-biudzettin-kirisi-173-trln-tenge-boldy-ministr
Кейінгі 9 айдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге немесе жоспарға сәйкес 102% болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.
«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269125-memlekettik-biudzettin-kirisi-173-trln-tenge-boldy-ministr