Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында «7-20-25» Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын ақпараттық түсіндіру мақсатында акция өткізілді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Акцияға «Қазақстан Халық банкі», «Цесна банк», «АТФ Банк», «Банк ЦентрКредит» банкілері, Тараз қаласында «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын жүргізуші құрылыс және жобалаушы компаниялар, қала тұрғындары қатысты.
Акция барысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтерді сатып алу жолдары, қол жетімділігі, құны және әр банктің шарттары жайлы толық ақпарат берілді.