Мемлекет басшысы Тоқаев Садыр Жапаровты құттықтады

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті.



Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей азаматтығын алған танымал америкалық актер Стивен Сигал Қырғызстанға келіп, ел басшысы Садыр Жапаровпен кездескен еді. Олардың Ыстықкөл жағасында бірге түскен суреті ғаламторда қызу талқыланған.

https://stan.kz/memleket-basshisi-tokaev-sadir-zhaparovti-kyttiktadi-405553/

Comments (0)
Add Comment