Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшісін ауыстырды

Akorda

https://turkystan.kz/article/269055-memleket-bassysy-qazaqstannyn-birqatar-eldegi-elsisin-auystyrdy
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшісін тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының жарлығына сай:

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269055-memleket-bassysy-qazaqstannyn-birqatar-eldegi-elsisin-auystyrdy

Comments (0)
Add Comment