Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай:

Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;

Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;

Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;

Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;

Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.

Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Comments (0)
Add Comment