Техастық 11 жастағы Одри ұрланған еді. Оның денесі көлден тасқа байланған күйде табылды. Бұл туралы 08info.kz тілшісі Daily news-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Одри қатты соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Сараптамадан кейін оның өлімі «кісі өлтіру» деп танылды.
Одри Каннингемнің өліміне олардың отбасылық досы күдікке ілінген. Марқұм қатты соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Сараптамадан кейін өлім адам өлтіру деп танылды.
Күдікті Дон Стивен МакДугал отбасының жақын досы болған. Жауапты мекеменің айтуынша, Одри жоғалып кеткен күні мектеп аялдамасына дейін жаяу баруы керек еді.
15 ақпанда мектеп автобусына мініп, сабаққа келмей қалған қызға іздеу жарияланды. Куәгерлер оны соңғы рет таңғы сағат 7-де Ливингстондағы үйінің жанында көрген.
Полиция оны табу үшін ұялы телефон жазбаларын, бейне талдауларды және МакДугал ақпаратын пайдаланғаннан кейін оның денесі сейсенбі күні өзеннен «үлкен тас» байланған күйінде табылды.
«Қолданылған арқан екі күн бұрын көлік аялдамасында McDougal көлігінде көрген арқанға сәйкес болды», — деп хабарлайды CNN.
Бүлдіршін қыздың мәйіті күдіктінің барған жерлері зерделенген соң, табылған.