Петропавлда мектепке пышақ пен балта әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысы 2 айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 9-сынып оқушысы мектепке суық қару әкеліп, үш баланы жарақаттаған. Жасөспірім психиатриялық есепте тұрған.
https://turkystan.kz/article/213546-mektepke-pyshak-pen-balta-ekelgen-okushy-2-ayga-kamauga-alyndy/