Мектеп жиналысында балағат сөз айтқан Ақсу тұрғыны 73 мың теңге айыппұл төледі

 istockphoto.com

Ақсу қаласының тұрғындары учаскелік полиция инспекторына мектеп жиналысы кезінде балағат сөздер айтқан ер адамға қарсы арыз жазған, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Ақсудағы мектептердің бірінде 2-сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp әлеуметтік желісінің бейне қоңырауы арқылы мектеп жиналысын өткізген. Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Оның бұл тәртібін ұнатпаған ата-ананың бірі оған қарсы арыз жазған.

«Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралды, оның шешімімен бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

https://turkystan.kz/article/246340-mektep-zhinalysynda-balagat-soz-aitkan-aksu-turgyny-73-myn-tenge-aiyppul-toledi

Comments (0)
Add Comment