«Мектеп жарылады»: Атырауда жалған хабар таратқан оқушы анықталды

12 қазан күні сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры «сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама алғанын жеткізген деп хабарлады turkystan.kz.

«Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады. Көрінеу жалған хабарлама берген сол мектептің 2008 жылы туған оқушысы анықталды. Ол Атырау қалалық полиция басқармасына ата-анасымен бірге шақыртылды», – деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.

Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

 

https://turkystan.kz/article/200032-mektep-zharylady-atyrauda-zhalgan-habar-taratkan-okushy-anyktaldy/

Comments (0)
Add Comment