МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕССИЯ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 тамыз күні 1. «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» 2. «2023-2024 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру, жұмыстық оқу жоспарларын құрастыру туралы» тақырыбында мектеп басшыларына арналған әдістемелік сессия жұмысы өтті.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп басшылары, мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 587 адам қатысты.
Секция жұмысының барысында 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқу-тәрбие процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар, Білім мекемелерінің жүргізетін жұмыстық оқу жаспарын құруда басшылыққа алатын Үлгілік оқу жоспарлары, мектептердің жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеудегі типтік оқу жоспарлары, гимназиялар, мектеп-гимназиялар мен мектеп-лицейлердің жұмыстық оқу жоспарларын құрауда мектепішілік бақылау жоспарын жүргізудің үлгілері бойынша ұсынымдар беріліп, білім мекемелерінің басшылары оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру бойынша тиімді тәсілдер бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

 

 

Comments (0)
Add Comment