7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов және мекеменің жеке құрамы қатысты.
Басқосу барысында Ерлан Ділдәбекұлы ҚАЖ саласының қызметкерлерін келіп жеткен мерекелермен құттықтап, ақ тілегін арнады.
– Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс-күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойғанын байқайсың. Қай заманда болмасын ата-бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған. Киелі өңіріміз талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян. Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарында жүздеген батырларды дүниеге келтірген топырақтан, елі мен жері үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес. Бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз, – деді мекеме бастығы өз сөзінде.
Сондай-ақ мерекелік шара барысында Ә. Дәулетқұлов та Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған қызметкерлердің қуанышымен бөлісіп, ақжарма лебізін жеткізді. Сонымен қатар, Баукыржан Момышұлы мен Ұлы Отан соғысына Жамбыл жерінен аттанған сарбаздар жайлы деректі фильм көрсетілді.
Жиын соңында жыл бойы саланың дамуы жолында табысты еңбек еткен қызметкерлер арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.