Скриншот
Медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды: 22 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Астана – Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұшақ бортында медицина қызметкерлері болмағандықтан, Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Нәтижесінде жолаушының жағдайы тұрақтанып, ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274982-medicina-universitetinin-studenti-usaqta-zolausynyn-omirin-saqtap-qaldy