Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысына іссапары барысында Байзақ ауданында болды.
Халық қалаулысының алғашқы жұмыс сапары бүгін ғана ел игілігіне ұсынылған Сазтерек ауылдық округінің Абай елдімекеніндегі ауылдық дәрігерлік амбулаториямен танысудан бастау алды.
Сондай-ақ, Гүлдара Алданышқызы Жетібай ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысып, ауылдық клубта орналасқан «Жетібай» бастауыш партия ұйымында көшпелі жеке қабылдау өткізді.
Байзақ ауданы әкімдігі