Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында қоғамдық қабылдау өткізді
Жамбыл облысына іс-сапармен келген ҚР Парламенті депутаттары Серік Сейдуманов, Фахриддин Қаратаев және Сапар Ахметов партия Жамбыл облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға жазылған тұрғындар 7-20-25 бағдарламасының қол жетімділігін арттыру үшін заңнамаларға өзгерістер енгізу арқылы алғашқы жарнаның мөлшерін төмендету немесе оны жас отбасы және бюджеттік қызметкерлер үшін 10%-ға азайту мүмкіндігін қарастыру, Шалғай Қарасу алқабына мектеп және балабақша салу және аталған алқапты газдандыру, Тараз қаласындағы №31 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары бойынша мәселелер көтерді. Сонымен қатар, 2018 жылы сәуір айында үйі өртеніп, ішінде екі баласы қайтыс болған азаматша баспана мәселесін айтып, көмек сұрады.
Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған Мәжіліс депутаттары шешілу жолдарын түсіндіріп, бірқатар мәселелерді Парламент қабырғасында көтеретінін айтты.