ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова Байқадам, Игілік, Жаңаталап елді мекендерінің егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етіп отырған «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Сала мамандары су тарайтын канал арнасы сыйымдылығын 5 куб қылып кеңейту қажеттігін айтты. Және су елді мекенге жетпей жайылып кететінін ескеріп, каналдарды науа (лотковый) қылып жасау керектігі жайында талап-тілектерін білдірді.
Бұл мәселелерді халық қалаулылары тиісті орындарға жеткізіп, шаруаның шешілуін назарға алатындарын айтты.