Майқайыңдағы апат: Бір құтқарушының денесі табылды

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі мәлімдеді.

 Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті

19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 м тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі мәлімдеді.

Әкімдіктің ақпаратынша, ол 4 қаңтарда «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған.

Бұдан бұрын 2 құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданған.

Сканерлеу және автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін сканері бар «Алтыналмас» АҚ мамандары тартылды. Сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың 12 метр тереңдікте орналасқандығы анықталды.  Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды. — делінген хабарламада.

Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД психологы да келді.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға болған күні Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары 2 денені тауып, жер бетіне көтерген болатын. Жұмыстар тоқтатылып, қайта жанданды.

https://turkystan.kz/article/246107-maikaiyndagy-apat-bir-ku-tkarushynyn-denesi-tabyldy

Comments (0)
Add Comment