МӘУЛЕН – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жуырда Қарағанды қаласында NOMAD MMA аралас жекпе-жегі бойынша ашық Азия чемпионаты өтті. NOMAD MMA Бүкіләлемдік Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Азия чемпионатына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Бангладеш, Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Әзірбайжанда елдерінен келген 10 және одан жоғары жастағы 632 спортшы қатысты.
Үлкен додаға жолдама алған Ащыбұлақ ауылының 2006 жылы туылған жасөспірімі Мәулен Ержанұлы екінші орынды иеленіп, ауыл атын асқақтатты. Жүлделі орын иеленген балуанның бапкері Есей Жарас алдағы бәсекелерге тыңғылықты дайындықпен келетінін, жеңіс тұғыры алыс емес екендігін айтып, жас балуанға жігер сыйлады.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment