Мәскеудегі теракт. Ұсталған 4 адам туралы дерек жарияланды

Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған теракт бойынша ұсталған екінші адам, Тәжікстан азаматы Муродали Рачабализода кінәсін мойындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Мәскеудің Басман сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

32 жастағы Далержон Мирзоев, 30 жастағы Рачабализода Саидакрами Муродали, 25 жастағы Шамсидин Фаридуни және 19 жастағы Мухаммадсобир Файзов 2024 жылдың 22 мамырына дейін қамауға алынды.

Қылмыстық іс бойынша сотталушылар кешке қарай сотқа жеткізілді. Оларға теракт жасады деген айып тағылды (РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігі).

Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жабық есік жағдайында өткен сотта айыпталушыларға бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылдады.

Мәліметке сүйенсек, бірінші сотталушы Тәжікстан азаматы Далержон Мирзоев сотта кінәсін мойындады.

Екінші айыпталушы Рачабализод Саидакрами Муродали Ресейде тіркелгені туралы сұраққа, оның қайда тіркелгенін, бірақ нақты қай жерде екенін еске түсіре алмады. Ол да кінәсін мойындады.

Үшінші айыпталушы Тәжікстан азаматы Шамсидин Фаридуни зауытта ресми түрде жұмысшы болып жұмысқа орналасқан. Красногорск қаласында тіркелген.

Соңғы айыпталушы Мұхаммедсобир Файзов сотқа медициналық халатпен жеткізілді. Бұған дейін ол Ресейде тіркеуде тұрған Иваново қаласында шаштараз болып жұмыс істеген.

 

adyrna.kz

Comments (0)
Add Comment