Мәскеуде Ленинград даңғылында орналасқан Бинбанк офисіне белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасап, ақша ұрлап кеткен.
ТАСС агенттігінің банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. «Ленинград даңғылында орналасқан Бинбанк офисіне қарулы шабуыл жасалды, салдарынан екі қылмыскер кассадан ақша ұрлап әкетті. Банк бөлімшесінің қызметкерлері мен мамандары арасында зардап шеккендер жоқ. Бинбанк қауіпсіздік қызметі полициямен бірге оқиға орнында жұмыс істеп жатыр»,-дейді банк өкілі.
Ол қанша ақшаның қолда болғанын айтқан жоқ. «Москва» агенттігінің атап өтуінше, қылмыскерлер тапаншамен қаруланған.