МАРАПАТ

Өткен дүйсенбі күні Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен даму: Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері» тақырыбындағы XXVII сессиясы өткен болатын.
Сессияға Сарысу ауданынан қатысқан неміс этно-мәдени орталығының жетекшісі Вайс Лилия Петровна Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Л. Вайс жетекшілік ететін «Возраждение» неміс этно-мәдени орталығы аудан көлеміндегі қоғамдық, мәдени, көпшілік шараларға белсене араласып, өңірдегі этносаралық келісім мен бірлікті сақтауда, насихаттауда үлкен еңбек сіңіріп келеді.
Comments (0)
Add Comment