МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімдігі аппаратының жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, жиынды жүргізіп, тиісті бөлімнің атқарылып жатқан жұмыстарын саралап, бірқатар тапсырмалар берді. Күн тәртібіндегі мәселеге орай бөлім басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Баяхмет Шынжарбеков, «ауданның 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы» туралы хабарлама жасап, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ жиында «Мейірім» және «Жомарт түлек» жобаларының іске асырылу жайында баяндалды. Ал, аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірхан Төлеулиев облыстық хаттамалардың орындалуы туралы туралы тоқталды.Аппараттық жиынды қорытындылаған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, бөлім мен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар сала бойынша сын ескертпелер айттып, жүйелі жұмыс жасауға шақырды.
Мойынқұм ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment