Ол облыс әкімінің қабылдауына кірмек болып барған.
5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеді.
Ол облыс әкімінің қабылдауына кірмек болып барған, дегеніне жете алмаған соң өзін өртеп жіберген.
– Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады, – деп хабарлады облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Ер адамды Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Бірақ, оның бұған көңілі толмай, жанғыш қоспамен өзін-өзі өртеп жіберді.
Полиция мен әкімдік қызметкерлері өртті сөндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.
Облыстық полиция бұл фактіге қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
фото және ақпарат:
https://aikyn.kz/277080/man-g-ystaulyk—er-adam-oblystyk—kimdik-aldynda-ozin-ortep-zhiberdi