Маңғыстаудың ірі құрылыс компаниялары ауыл тұрғындарына жұмыс ұсынды

Маңғыстаудың ірі құрылыс компаниялары Жетібайдағы жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарына жұмыс ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

31 наурызда «Альянс LTD», «Ақ жол құрылыс», «АЙКОМ LTD» компанияларының басшылары Жетібай ауылындағы жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға өз компанияларынан жұмыс ұсынды.

«Құрылысшылар әртүрлі жұмыс орындарын ұсынды, мысалы: жартылай тіркеме көлігінің жүргізушісі, электрик, дәнекерлеуші, учаске бастығы, асфальт төсеу машинисі, жеңіл көлік жүргізушісі, бульдозер машинисі, жүк тиегіш машинисі, жүк көлігінің жүргізушісі, тас қалаушы, сылақшы, бетоншы», – делінген Қарақия ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бос жұмыс орындарының ең төменгі жалақысы – 223 мың теңге, ең жоғары жалақы – 450 мың теңге.

«LTD Альянсының» директоры Асқар Керелбаев жергілікті тұрғындарға  тұрақты жұмыс ұсынылғанын жеткізді.

«Біз тұрақты жұмыс орындарын ұсындық. Олардың көпшілігіне арнайы білім қажет емес, біліктілікті арттыруға да көмектесе алады. Оның үстіне біздің компанияларда вахталық әдіспен жұмыс істеуге болады. Бір вахта – 15 күн. Нарықтық жалақы алуға болады. Өкінішке қарай, мұнай саласына барлық ниет білдірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Бірақ біз сіздерге нақты жұмыс ұсынып отырмыз – деді Асқар Керелбаев.

Өкінішке қарай, жиналғандар ұсынылған бос жұмыс орындарынан бас тартып, тек мұнай саласына жұмысқа орналасуды талап етті.

https://turkystan.kz/article/218588-mangystaudyn-iri-kurylys-kompaniyalary-auyl-turgyndaryna-zhumys-usyndy/

Comments (0)
Add Comment