Видеодан кадрлар
Ата-аналар балаларының бұл қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сондай-ақ төбелестен ешкімнің жарақат алмағанын жеткізді. Сөздерінше, мұғалімдер, мектеп директоры мен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмысын жүргізген. Ешкімге шағымдары жоқ.
Түлектердің өздері де көпшіліктен кешірім сұрады. Олар төбелеске арадағы «жанжалдың» себеп болғанын айтады.
Еске салайық, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында түлектер арасында төбелес болғаны туралы хабарлаған едік. Видеода төбелеске ондаған оқушы қатысқаны көрініп тұр. Олардың кейбіреуі тіпті тас лақтырып жатыр.
https://stan.kz/mangistau-zhappay-tobeles-shigargan-tulekter-men-olardi-400780/