Оқиғаның салдарынан төрт адам түрлі дене жарақатын алды.
Қаражанбас-Қаратұрын тас жолында жұмысшыларды Қаратұрын кен орнына апара жатқан автобус жылқыны соғып, апатқа ұшыраған.
Оқиғаның салдарынан төрт адам түрлі дене жарақатын алды. Оның бірінің екі аяғы сынып, Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, жауапқа тартылған. Сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижесіне қарай, жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.
— Қазір жылқының иесі іздестіріліп жатыр. Оның кім екені анықталғаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дерегі бойынша мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — делінген хабарламада.
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/252572-mang-ystauda-kenshiler-mingen-avtobus-apatka-ushyrady