Маңғыстауда 18 жастағы жігіт Каспийге батып кетті

Құтқарушылардың айтуынша, 2006 жылғы тұрғыны катамараннан сүңгу кезінде қаза тапқан.

 istockphoto

да Каспий теңізіне демалуға барған 18 жастағы жігіт суға батып кетті. Алайда оның денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, қайғылы жағдай жексенбі, 25 тамызда Ақтаудағы «Солдатский» жағажайының маңында болған. Құтқарушылардың айтуынша, Маңғыстау облысының 2006 жылғы тұрғыны катамараннан сүңгу кезінде қаза тапқан.

«25 тамыз 17:40 шамасында 112 пультіне Ақтау қаласы Ақжелкен елдімекені, «Солдатский» жағалауынан 300 метр қашықтықта 2006 жылғы жігіттің суға батқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта шақыртылған жерде 5 қайық, 15 жеке құрам, 2 техника және бір дрон іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

https://turkystan.kz/article/247788-mang-ystauda-18-zhastagy-zhigit-kaspiige-batyp-ketti

Comments (0)
Add Comment