Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Осы қызметті атқарып келген Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған.
Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Халықаралық қатынастар университеті Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж. ж. — Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж. ж. — Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж — «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да инженер, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.
2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін- облыс әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді.
2021 жылдың 7 қыркүйегінде Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған.
2024 жылдың 16 мамырында Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.
https://turkystan.kz/article/244849-mang-ystau-oblysynyn-buryngy-kimi-zhana-kyzmetke-tagaiyndaldy