Әлеуметтік желілерде бір жасөспірімнің көлік аялдамасының әйнек есігін теуіп сындырған видеосы тарады. Бейнені оның досы түсіріп тұрған. Кейін олар оқиға орнынан дереу із суытқан.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданындағы аялдамалардың бірінде болғанын хабарлады. Қазір полиция вандалдарды іздестіріп жатыр.