Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

 Ашық дереккөз

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты.

Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге 4 бала тәрбибелеп отыр. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала.​ Сәбилердің салмағы​ 1890 гр,​1950 гр және 2700 грамды көрсетті. Нәрестелерге ата-анасы ​Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған. ​

Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-сатысы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. ​ Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады, — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

https://turkystan.kz/article/238304-ma-ystau-oblysynda-shem-d-niege-keldi

Comments (0)
Add Comment