Фото: Pixabay.com
Оның айтуынша, қан қысымын төмендетудің бір жолы – салмақ азайту.
Дене салмағын 10 килограммға төмендету қан қысымын 5-20 миллиметрге төмендетеді. Бұл гипертонияны толығымен жоймауы мүмкін, бірақ дәрі-дәрмекке деген қажеттілікті азайтады және жүрек-қан тамырларын жақсартады.
Екінші нұсқа физикалық белсенділікті арттыру деп санайды. Күніне 45 минут жаттығу қан қысымын 4-10 миллиметрге төмендетеді.
Тағы бір әдіс ретінде тұзды шеазайтуға кеңес береді. Тұзды азырақ тұтыну қан қысымын 10 миллиметрге дейін төмендетуге көмектеседі.
“Дегенмен тұздың 10%-ы кәдімгі тұз болуы мүмкін. Қалған 90% дайын тағамдарда – шұжық, десерт, кондитерлік өнімдер, нан, пицца, фастфуд, өңделген тағамдар, таңғы ас, ірімшік, чипсы, соустарда жасырын түрде кездеседі”, – деді маман.
Ол ас тұзын тұтынуды тәулігіне 5 граммға дейін шектеуге шақырды. Тамақты тұзсыз пісіріп, піскен соң қосқан дұрыс.
Тағы бір тиімді әдіс ретінде көп мөлшерде көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ аз мөлшерде жаңғақтарды күніне шамамен 30-40 граммға дейін жеу абзал. Тамақтанудың бұл түрі қан қысымын 8-15 миллиметр төмендете алады.
Дәрігер темекіні тастауды және алкогольді тұтынуды шектеуді ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайтын өте маңызды сәт деп атады.
https://stan.kz/maman-kan-kisimin-darisiz-tomendetudin-bes-adisin-atadi-406299/