МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 74,7 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Ауыл шаруашылығы саласын жандандырудың негізгі бағыты — мал шаруашылығын дамыту. Бұл бағытта облыста мал басын көбейту, асылдандыру және өнімділігін арттыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Мәселен, жыл басынан бері мал шаруашылығында 74,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 млрд. теңгеге артты. Мал шаруашылығындағы өнімдердің артуына ет өндірісінің – 4,2%-ке, сүт өндірісінің — 1,4%-ке өсуі әсер етті.
Сонымен бірге, облыстағы мүйізді ірі қара саны – 0,6%-ке, қой мен ешкі — 3,8%-ке, жылқы – 6,7%-ке артып отыр.
Жалпы ағымдағы жылдың 5 айында салада 75 902,8 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде мал шаруашылығында – 74 771,3 млн. теңгенің, егін шаруашылығында – 1 120,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,1% құрады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Comments (0)
Add Comment