МАЛ АЗЫҒЫ МОЛЫНАН ДАЙЫНДАЛДЫ

Биыл облыстағы төрт-түлікті мал азығымен қамтамасыз ету үшін 1,7 млн. тонна пішен, 63,0 мың тонна пішендеме, 491,8 мың тонна сабан, 60,0 мың тонна сүрлем дайындау межеленген болатын.
Бұл бағытта ағымдағы жылы аймақта 342,6 мың гектар жердегі шөп орылса, оның ішінде 188,8 мың гектар көп жылдық, 27,1 мың гектар бір жылдық шөп пен 122,5 мың гектар табиғи шабындық және 4,1 мың гектар сүрлемдік жүгері орылды.
Бүгінгі күні мал азығын дайындау жұмыстары аяқталып, барлығы 1,8 млн. тонна пішен, 64,1 мың тонна пішендеме, 494,0 мың тонна сабан, 65,5 мың тонна сүрлем әзірленді. Яғни, былтырғы жылға қарағанда 150,3 мың тонна мал азығы артығымен дайындалды.
Бұдан бөлек, өңірде өткен жылдан қалған 926,6 мың тонна мал азығы болса, оның 879 мың тоннасы пішен, 47,6 мың тоннасы сабан.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Comments (0)
Add Comment