Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен әр түрлі этнос жастары арасында мемлекеттік тілде «Мағжан оқулары» атты облыстық байқау өтті.
Жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай облыстық әр түрлі этнос жастары арасында Мағжан мұрасын таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету, түрлі этнос жастарының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау мақсатында өткен байқауда облыс бойынша 25-ке жуық этнос жастары бақ сынап, орынға ілікпей қалғандары алғыс хатпен марапатталды.
Атаулы шарада жалпы жүлде қоры 225 000 теңгені құрап, жүлделі орындарды келесі қатысушылар иемденді:
Жомарт ЗҰЛПЫХАР, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.