Мәдениет саласының қызметкерлері жазасын өтеушілермен жүздесті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесті.

Шараға Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрының ардагер актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Асқарбек Сейілхан және осы театрдың актеры, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүніс Әлімбеков қатысты.

Жиында театр қызметкерлері жазасын өтеушілермен түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп, білгендерін бөлісті.

Comments (0)
Add Comment