13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай аудан әкімі қабылдау өткізді.
Биыл «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толып отыр. Аталған бірлестіктің аудандық филиалында 55 адам тіркелген.
Олардың 16-ы І топ мүгедектер санатына кірсе, 14-і ІІ топтағылар.
— Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау — баршамыздың міндетіміз,- дей келіп Жалғас Әлижанұлы тағдырдың сынына мойымай, нұрлы кеудесінің күш-жігерімен еңбек етіп, өмірге деген құлшынысымен айналасына үлгі бола білген жандарға амандық, отбасыларына жақсылық, елімізге ынтымақ, бірлік тілеп сыйлықтар табыс етті.
Жуалы ауданы әкімдігі