LRT құрылысына байланысты Астана көшелерінің бірі 3 айға жабылады

LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі «Номад» ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

 

https://turkystan.kz/article/231789-lrt-kurylysyna-baylanysty-astana-koshelerinin-biri-3-ayga-zhabylady/

Comments (0)
Add Comment