City Transportation Systems (CTS) компаниясы салынып жатқан LRT бағандары бірінің қисайып кетуіне қатысты түсінік берді
«Жан-жақты зерттеу барысында 1 тіректің жобаға сай келмейтіндігі анықталды. Осы себепті мердігер аталған тіректі бұзып жатыр. Одан кейін қайтадан салады. Шығын бас мердігер есебінен өтеледі», – деді аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.
Айта кетейік, Астанада құрылысы қайта жалғасқан LRT-ның қисайған бағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.
https://turkystan.kz/article/233879-lrt-ba-andaryny-biri-isayyp-ketken