Логопед курсының 7-ші кезеңінің бітірушілері сертификат алды

Курсқа қатысқан ерекше бала тәрбиелеп отырған, көпбалалы аналар баланың түсінігін қалыптастыру, диагноздардың түрлерімен танысу, алғашқы сөйлеу тілін дамыту, нейрогимнастикалық жаттығулар, үй жағдайында айта алмайтын дыбыстарын қоюды, классикалық массаж түрін үйренді.
Ендігі кезекте курсты тәмамдаған әйел-аналар алған білімдерін үй жағдайында өздерінің балаларына тәжірибе жүзінде жасай отырып, сауатты көмек көрсетуге дағдыланады.
Курс жетекшісі Еркемай Рахатқызы шәкірттеріне сәттілік тіледі.
Comments (0)
Add Comment