LG компаниясының басшысы қайтыс болды

Бизнесмен 73-ке қараған шағында көз жұмды. Оңтүстік Кореяда LG компаниясының төрағасы Ку Бон Му қайтыс болды. Бұл туралы “Zhambylnews” АА 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы оңтүстіккореялық ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Ол ірі конгломератты 23 жыл бойы басқарып келген. Бизнесмен 73-ке қараған шағында көз жұмды. LG компаниясын 1995 жылы Ку Бон Мудың әкесі оған мұра етіп қалдырған. Енді бұл кәсіпті оның інісі Ку Бон Чжун әрі қарай жалғастырмақ.

Айта кетейік, Ку Бон Мудың артында екі қызы мен асырап алған ұлы қалды.

Comments (0)
Add Comment