Аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне іріктеу жұмыстары туралы жиын өтті. Оған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің бөлімше бастығы Сымбат Мұханбетов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының бірінші орынбасары Айдархан Сәрсенбеков, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы Телжан Мұсахан, ауыл, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Жиында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің бөлімше бастығы Сымбат Мұханбетовтың ақпараты назарға алынды. Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ауыл, ауылдық округ әкімдерінің заңнама талаптарына сәйкес: 2025 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметіне Мойынқұм ауданына берілген жасақ толық орындалмағаны айтылды. (жоспар 7 жасақ, нақты жіберілген 4 жасақ, 3 жасаққа кем орындалған). Сонымен қатар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ағымдағы жылғы күзгі әскерге шақыру науқанында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне берілетін жасақты толық орындалуын, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне Жамбыл облысы тарапынан шақырылған азаматтар тек облыс аумағында әскери қызметін өтейтіні, ҚР ҰҚК Шекара қызметімен басқа да әскери құрылымдары қатарына шақырылған азаматтардың несиелері 14 айға тоқтатылатыны туралы (оның ішінде: 12 айы әскерде болған уақыт, 2 айы әскерден келіп жұмысқа орналасқан уақыты) халықты хабардар ету керектігі атап өтілді. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуына талдау жасау, аудан әкімі аппаратына тапсырмалардың уақытылы орындалуы бойынша ақпарат ұсыну аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жүктелді.
Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,
Мойынқұм ауданы